Парламент жобасы

Парламент мақсаты:

                 Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ    туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.

 

Парламент міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;

2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық   және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;

3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;

4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;

5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;

6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;

7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;

8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.

9)Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.

 

Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасына сәйкес

  «Мектеп парламенті» білім алушылардың  өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Парламент жылдық жоспар

 

                                                                                                         Анықтама

 

Жасұлан ұйымының жылдық жоспарына сәйкес » Эко boom » жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде аула көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту үшін  сенбілік өткізілді.

«Тазалық – денсаулық кепілі» , — демекші салауатты өмір салтын ұстану дағдысымен сенбілік еңбек мерекесіне айналды.

«Әркім өзінің білім беріп жатқан алтын ұясын таза ұстауға тиіс, тазалық бар жерде денсаулығымыз жақсы , көңіл – күйіміз көтеріңкі болады», деген мақсатпен оқушылар қоқыстарды тазартып, ауланы тазалауға белсене қатысты.

талимгер

 

Алаш ұлағаты – Ұландар үнінде» акциясының жоспарына сәйкес бұрымымен көз тамсандырар, білімді, көңіл сүйсіндірер қыз балаларды насихаттау мақсатында “Бұрым trend” акциясы ұйымдастырылды. Қазақ қызының басты сұлулығы – бұрымында. Ежелден келе жатқан салт – дәстүрімізге сай қыз бала шашын өріп, шолпы немесе шашбау тағатын болған. Осы қос бұрым көздің жауын алып, таңдай қақтырған. Нәзік болмысын айшықтауға көмектескен. Мұнымен қатар шаш өру-халқымызда ежелден келе жатқан өнер түрі. Қазақ xалқының дүниетанымында бұрым — сұлулықтың белгісі, қылықты қыздардың ары, абыройы. Ертеде әрбір қыз баласын белінен төгілген бұрымы мен ақылына қарап бағалаған.

1-қазан Халықаралық қарттар күні және 5 – қазан Ұстаздар күніне орай мектеп оқушылары зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарды құрмет тұтып, үйлеріне барып өлең шумақтарын айтып, құттықтап қайтты.

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата – бабадан келе жатқан салтымыз, ардагер ұстаздарымыздың ақыл-кеңестері мен тәлім – тағылымдары біз үшін орны бөлек. Себебі, талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер, ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым – парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

 

«Алаш ұлағаты – Ұландар үнінде» Жас Ұлан ұйымының жылдық жоспарына сәйкес оқушылар батырлар жырынан үзінді жатқа айтты. Мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, ата – баба ерлігін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақ бойында азаматтық және рухани -адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

 

 ДУБЛЕР КҮНІ

Мектебімізде 5- қазан ұстаздар мерекесіне орай «Дублер күні» болып өтті. Аталған шараға мектебіміздің оқушылары ерекше атсалысты.

5-11 сынып оқушылары бір күн мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің және сынып жетекшінің рөлін атқарды.

Бұл күні оқушылар жауапкершілікті сезініп, жүктелген міндеттерін толық орындап шықты.

Ұстаздық қызметтің қиындығы мен қызығын сезініп, ұстаздардың еңбегін ұғынып, мектеп бітіруші түлектер мамандықтың маңызын түсінді.

Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Жанұя – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол

Отбасы күніне орай 11 қыркүйек күні «Менің отбасым» атты 5-сынып оқушыларының арасында фотоколлаж байқауы ұйымдастарылды. Мақсаты: отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Жақсылық дегенде, кез-келген адамның қуанышты күлкісі езуіне келіп, тек жақсы жағдайлар мен жақсы істерді, жақсы сөздерді ойлайтыны рас. Жақсылық-адамның көңілін көтеріп қуанышқа бөлейтін әсерлі сәттерің бірі.

Мектебімізде «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы аясында 10-сынып оқушылары ауылымыздың зейнеткер әжесіне көмек көрсетіп, үйінің ауласын тазартып, ағаш жарып, көмір кіргізіп, қарт әжейдің алғысын алып қайтты.

 

 Дені саудың-жаны сау

Денсаулық күні қарсаңында мектебімізде 7 сынып оқушылары қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты флешмоб ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтың негізі – қимыл, денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы екенін ұғындыру.

Шара барысында қатысушыларға денсаулық туралы мағлұматтар айтылып, адам денсаулығына пайдалы жаттығу түрлері көрсетілді.

«Отбасым – бақыт мекені»

       «Отбасы күні » мерекесіне орай мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында «Отбасым-бақыт мекені » тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

Оқушыларға қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, отбасы құндылығының мәнін ұғындыру, жақсы көру, сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, отбасы арасындағы қатынасты нығайту мақсатындағы шарада оқушылар

тақырыптың маңыздылығын толық ашып, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізе білді.

Байқауға барлығы 14 оқушы қатысты. Өздерінің бақытты отбасы, бақытты балалық шақтары, ата-анасының рөлі, отбасындағы үлгілі тәрбиесі, бауырмалдық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, елжандылық сияқты қасиеттерді бойларына сіңіріп, асқақ армандары туралы ойларын еркін жеткізген.

«Ұстазыма ыстық ықыласпен»

    «Ұстаздар күні» қарсаңында ақпарат фракциясының жетекшісі А.Әділханова сүйікті де құрметті ұстаздарымызға арналған құттықтау бейнеролик дайындады.

Мақсаты: Ұстаздарды құттықтай отырып оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету.

Мектеп парламентінің жұмыс жоспарына сәйкес, спорт және салауатты өмір салты фракциясының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары аралығында шағын футбол біріншілігі өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

ОЙЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ:    І орын иегері 9 сынып оқушылары.

 

ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

 

Мектебімізде 25 қазан – Республика күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған «Ұланымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиыны өткізілді.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

«Жас ұлан» ұйымының қатары 47 жасұландықтармен толықты.

Шараға мектеп әкімшілігі, мектеп мұғалімдері қатысып, мойнына көк галстук таққалы тұрған жас өрендерді мерекемен құттықтап, білім шыңына жете берулеріне тілектестіктерін білдірді.

«Күз кереметі»

Күз – жылдың бірден-бір керемет мезгілі. Бұл мезгіл әрбір адамды терең сезімге бөлейтіні сөзсіз. Сондықтан да бұл мезгіл «Алтын күз» делінеді. Экология фракциясының жетекшісі А.Мырзаханова күз мезгілінің ерекшеліктері, күзгі астықтар, күзгі табиғат көріністері туралы бейнеролик түсірді. Бастауыш сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар қамтылды.

1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.     Күз айларын ата?
3.     Күз айларында қандай мерекелер бар?
4.     Күз айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
5.     Күзде нелер пісіп жетіледі?
6.     Адамдар күз мезгілінде қандай жұмыстар атқарады?
7.     Жануарлар тіршілігі туралы не білеміз?                                                                                                                                                              8.     Халық күзді не себепті «Жомарт күз» деп атаған?
9.    «Алтын күз» деп ше?
10.   Қара күзде табиғат қандай болады?                                                                                                                                                                         

«Жеті атаңды білесің ба?»

Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі Д.Бораев ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Жеті атаңды білесің ба?» тақырыбында челленджі өтті.

Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін біліп, құрметтеп, ұлттық құндылықтардан ғибрат алуға шақыру.

Жеті ата (дәстүр) – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай, жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толған күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған.

 

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ білім беру ұйымында «Мектеп Парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 21 қазан 2023 жылы мектебімізде Мектеп Парламентінің Президент сайлауы өтті.

Сайлау ережесіне сәйкес үміткерлер өз бағдарламаларын мектеп оқушыларының арасында таныстырып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үміткерлер арасынан басым дауыс жинаған 10 сынып оқушысы Асанова Айсара Мектеп Парламентінің Президенті болып сайланды.

 

          Ұланбасы- 2023

Ұланбасы- бұл жауапкершілігі мол, қоғамдық жұмыстармен тығыз байланысты,өзіне сенім білдірген адамдардың сенімінен шыға білетін тұлға.

Мектебімізде 12 қазан күні «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы өткізілді. Үміткер 7 оқушы қатысып, өздерінің сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды. Нәтижесінде жоғарғы дауыс жинаған 7а  сынып оқушысы Абжами Аңсаған – «Жас ұлан» ұйымының «Ұланбасы» болып сайланды.

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Мектебімізде 20 қараша – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай мектеп парламенті ұйымдастыруымен 7-8  сынып оқушылары арасында “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында танымдық шара өткізілді.

Мақсаты:

-оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру;

-зорлық адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру.

Әр  фракция мүшелері оқушыларға зорлық-зомбылық түрлері,  құқықтық мәселе жөнінде бейнебаяндар көрсетіп,оқушылармен сұхбат жүргізді.Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру мақсатында өткізілген сабақта оқушылар бала құқықтары туралы түсіндіріліп, тренингтер ойнатылды.

 

                      «Ұлттық мектеп лигасы» аясында  волейболдан жарыс

Спорт және СӨС фракциясының жетекшісі М.Қартбай ұйымдастыруымен  8-11 сыныптар аралығында волейбол ойыны бойынша жарыс өткізілді.

Волейбол – комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

Мақсаты: Жарыс өткізу барысында ойыншыларды спортқа баулып қана қоймай, шымырлықтарын арттыру.

Ойын нәтижесінде

10 «А»  сыныбы І орын

9 «Б» сыныбы ІІ орынмен

10 «Б» сыныбы ІІІ орын

Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясы  Сейталиев Жоламан және «Үздік шабуылшы» номинациясымен  Ахаева Жайна марапатталды.

 

 «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»

20 қараша күні  мектебімізде » Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз » тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.

Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу дене шынықтыру мен спорғылдану денсаулыққа пайдалы жағын айта отырып, салауатты өмір сүру салтын насихаттау.

Флешмоб балалардың физикалық және психологиялық денсаулығына ықпал етуге, оларды кез келген зиянды әдеттерден саналы түрде бас тартуға түрткі болуға, пайдалы іс түрлерімен белсенді айналысу қалауы мен қажеттілігін ынталандыруға арналған.

 

Көңілді үзіліс

Балалардың бірлескен түрінің аса маңызды түрі және оқуды, еңбекті, басқа да істерді ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде ойынның үлкен орны бар.

Ойын арқылы оқушылардың көңілін сергітіп,оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық және шапшаңдылықтарын дамыту негізінде А.Жарылқапова ұйымдастыруымен “Көңілді үзіліс” өткізілді.

Мақсаты:Оқушылардың өзара сенімділігін, қарым-қатынасын, ұйымшылдығын арттыру, көңілді сергітіп, көңілді көтеру.

 

«Ұлттық мектеп лигасы» аясында  футболдан жарыс

Мектебімізде Спорт және салауатты өмір салты фракциясының жетекшісі М.Қартбай ұйымдастыруымен  «Ұлттық мектеп лигасы» аясында  футболдан жарыс өткізді.

Жарыстың мақсаты: мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту, оқушылардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту.   Жарысқа 8-10 сынып  оқушылары жоғары дайындықпен, белсенділікпен қатысты.  Жарыс қызық әрі тартымды өтті.

Нәтижесінде:

10 «А»  сыныбы І орын

9 «Б» сыныбы ІІ орынмен

10 «Б» сыныбы ІІІ орын

Сонымен қатар «Үздік қорғаушы» номинациясы Азизбекұлы Бағлан,  «Үздік қақпашы» номинациясы  Борамбаев Жігер, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Іскендіров Бекжан  марапатталды.

 

Теңге- ұлттық құндылығымыз

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналымға енгізілді.

Мектебімізде атаулы күнге орай «Теңге -ұлттық құндылығымыз» тақырыбында «Ұшқыр ой» дебат клубының жетекшісі Г.Абатырова мен фракция мүшесі Ж.Аманжолова ұйымдастыруымен дебат өткізіліп, ұлттық символымыздың ерекшелігі туралы сөз болды.

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

“Үнемділік-ырыс, ысырапшылдық-шығыс”

дөңгелек үстел

Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес «Үнемді тұтыну» жобасы аясында Экология және еңбек фракциясының жетекшісі А.Мырзаханова ұйымдастыруымен “Үнемділік-ырыс, ысырапшылдық-шығыс” тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлұмат бере отырып, олардын шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Суды үнемдеуге, қорғауға байланысты мәліметтер айтылып, жаңа ақпарат көздерімен танысты. Оқушылар үнемдеу және ысырап жасау туралы өз ойларын толықтай жеткізе білді.

«Жаңа тіл үйрену немесе жаңа аспап үйрену» пікірталас

Ақпарат фракциясының жетекшісі А.Әділханова ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында «Жаңа тіл үйрену немесе жаңа аспап үйрену» тақырыбында пікірталас өтті.

Мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту, көшбасшылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Оқушылар аталған тақырып аясында өздерінің ойларын нақты фактілері мен аргументтер келтіре отырып, өз ойын ашық, анық айтуга, ұтымды дәлел мен дәйек келтіруге, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға үйренген оқушылар пікірсайыста белсенділік танытты.

 

“Сұрақ-жауап” айдары

Ақпарат және баспа фракциясының жұмыс жоспарына сәйкес оқушылармен “Сұрақ-жауап” айдары жүргізілді.

Мақсаты: Білім алушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе жұмыс істеуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету.

Онда ақын-жазушылардың туған жылдары, өлең, шығармаларынан сұрақтар беріліп, дұрыс жауап берген оқырмандарға сыйлақтар таратылды.

 

«Eko-Alem» үстел ойыны

Арал аудандық «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің арасында балалардың экологиялық білімін кеңейту мақсатында «Eko-Alem» үстел ойынынан аймақтық турнир өтті.

Тартысты өткен турнирде өз білімімен жоғары ұпай жинаған мектебіміздің 10 сынып оқушысы Қартбай Медетхан ІІІ орын алып, Арал ауданы бойынша білім бөлімінің Дипломымен марапатталды.

Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің Е.Көшербаев атындағы № 57 орта мектебі