Мектеп театры

А Н Ы Қ Т А М А

№57 Е. Көшербаев атындағы орта мектебінде  2023 жылдың 17 қазаны күні оқу-әдістемелік қызмет күні өткізілді.Әдістемелік күн барысында  «Таңғажайып театр» мектеп театры жобасының мүшелері

Роза Мұқанованың шығармасы  «Мәңгілік бала бейне» тақырыбында  қойылым қойды. Қойылым мақсаты-шығармадағы бір ғана Ләйланың өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға қанағат ету керектігін көрсету. Адам мінезінің әр түрлі болатындығын түсіндіреді, өзгенің өміріне күле қарамай түсіністік танытуға шақыру.

Рөлдерде:

Ләйл – Шығарманың басты кейіпкері Ратбаева Әлия

Қатира- Ләйланың әпкесі, Ерғараева Ақбота

Құмар- Ләйланыңң бала күнгі досы- Төлеуов Нұрасыл

Пысықай- Мырзабаева Ақсезім

Шөкіш- Сәкенқызы Наздана

Болтай-Оңталапов Оңайбек

Қатша- Қонысова Ақбаян

Келін- Алтынбайқызы Салтанат

Дос қыздар- Матығұлова Сымбат, Мәкежанова Ақтоты, Сәуренова Диана ойнады.

Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Театр мүшелері қойылымды өте әсерлі жеткізді.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1009970676892891&id=100055845545869&sfnsn=wa&mibextid=VhDh1V

 

Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің Е.Көшербаев атындағы № 57 орта мектебі