Біз туралы

Біздің мектеп педагогика саласына бірден-бір басымдық беретін білім беру ісінің қызметкерлеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған өзара ынтымақтастығынан құрылған тәжірибе алмасудың ортақ алаңы. Мектептің педагогтары осы өзара жағымды, ынтымақтастық қарым-қатынасты үнемі дамытып отырумен қатар, оқушылардың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, құқықтық қасиеттерді тәрбиелеуде.

Сондай-ақ оқушы дағдысын қалыптастыру, функционалды сауатты болуға тәрбиелеу, жаңашыл технологияларды қолдану оқу үдерісімен бірге тәрбиелеуді де өзгертуге жағдай жасауда.

Мектебіміздің басты құндылығы сөзсіз – талантты педагогтер. Еліміздегі білім беру саласындағы өзгерістерге сай деңгейлік бағдарламалар бойынша, үштілділік  және білім берудің мазмұнына сай білімін жетілдірген мұғалімдер еңбек етеді.

Атап айтсам,  қазіргі уақытта 503 білім алушыға 65 мұғалім сапалы  білім, саналы тәрбие беруде жұмыс жасауда.  Олардың арасында   Педагог-зерттеуші 5,  Педагог-сарапшы 20, педагог-модератор 23.

Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысуда. Бұл біздің маңызды нәтижеміз, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз.
Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің Е.Көшербаев атындағы № 57 орта мектебі