МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?!

МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?!
Білім алушылардың киім стилі саналатын мектеп формасының негізгі мақсаты:
— мектепте оқу-іскерлік ахуалды қолдау;
— тәртіпті нығайту;
— социумда мектеп беделін нығайту;
— білім алушы тұлғасының адамгершілік қасиеттерін дамыту, оның мәдениетін арттыру;
— қазіргі заман қоғамымен талап етілетін, мектеп бітіруші үлгісін қалыптастыру
N20 жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар
✅Мектеп формасының үлгісі классикалық (іскерлік) стильде әзірленеді және барлық 1-11-сыныптарда білім алушылар үшін бірыңғай болып есептеледі.
✅Барлық білім алушылар үшін киімнің түрі бірыңғай болуы мектеп формасының негізгі шарты.
🔵Ұлдардың мектеп формасы:
қою көк түсті пиджак, жилет, шалбар, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
🔴Қыздардың мектеп формасы:
Қою көк түсті пиджак, жилет, юбка (тізеден 5 см түсіп тұруы тиіс), классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка)
Мақаланы бағалаңыз
Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің Е.Көшербаев атындағы № 57 орта мектебі